Бұл туралы newsroom.kz порталы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол жауады. Облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 18-23 м/с болады.
Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с болады
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.