Олар №6, 7, 9 энергетикалық қазандықтар және 11, 14, 15 су жылыту қазандықтары екен. Бұл туралы newsroom.kz порталының сұрауына Энергетика министрлігі ақпарат берді.
№5 энергетикалық қазандықты жөндеу № 8 қазандықтың ағымдағы жылғы 30 қазандағы қосымша көлеміне байланысты 20 қазанға дейін ұзартылыпты. №12 және 13 су жылыту қазандықтарын жөндеуді аяқтау осы жылғы 30 қазанға жоспарланып отыр екен.
Екібастұз ЖЭО-ның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету аясында алдағы жылыту маусымында 10 қазандық агрегатын жөндеу көзделіпті. Коммуналдық меншікке қабылданған 5 су жылыту қазандық агрегатын жөндеуге Үкімет резервінен 7,4 млрд. теңге бөлінді. Қалған 5 бу қазандығы, сондай-ақ қосалқы жабдықтар, ғимараттар мен құрылыстар «ОАЭК» акционерлік қоғамының есебінен 7,5 млрд.теңге сомасына жөнделуде. Жұмыста 2 қазандық бар. Резервте 1 қазандық бар. 86% әлеуметтік нысан, 64% тұрғын үй секторы іске қосылды.
ЖЭО «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС басқаруында екен.