Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Сиырың бар деп, АӘК-тен айырған: Аягөздегі оқиға бойынша соңғы деректер шықты

Аягөздегі жантүршігерлік 4 баланың қазасы жөнінде О.Қабден соңғы деректермен бөлісті

Сиырың бар деп, АӘК-тен айырған: Аягөздегі оқиға бойынша соңғы деректер шықты
фото: әлеуметтік желіден

Абай облысы Аягөз қаласындағы үйлердің бірінде газ балоны жарылып, бір отбасының 4 баласы қайтыс болды. Бұл туралы журналист Оңғар Қабден соңғы деректермен бөлісті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"Аягөздегі оқиға бойынша соңғы деректер.   Бір күнде төрт баласынан айырылған әке-шешесі ессіз, талып жатыр. Әкесі Аягөздегі "Қазығұл" жекеменшік ауруханасында жедел жәрдем көлігінде шопыртболып қызмет істейді. Алатын айлығы 120 мың теңге .  Шешесі жұмыссыз. 2019 жылы 1-2 квартал ғана АСП алған. Сосын қолдарыңда мал бар деп, АСП дан "өз еркіммен бас тартамын" деп жазғызып алған. 2019 жылдан бері АСП алмайды. АСП алмайтын себепті шешесі сиыр сауып, базарға сүтін сатып отырған. Төрт баланың біреуі мүгедек болыпты деп жатыр. Ақпарат нақтылауды қажет етеді.  АСП-ны қолыңда малың болса ала алмайсың деген жерін алып тастау керек. Қазір малдың жем-шөбі өзінің құнынан да асып кетеді. Одан келетін қандай кірісті көріп отыр? Тауықтың жұмыртқасынан кіріс санап жүрген біздің Үкіметте сол тауық құрлы ми жоқ!",- деп жазды журналист.