weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Күн райының өзгеруіне байланысты трассалар жабылады

Ауа райының нашарлауына байланысты жол жабылады

Күн райының өзгеруіне байланысты трассалар жабылады
Ашық дереккөз

QazAvtoJol күн райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа шектеу енгізді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, Ақмола облысында сағат 20.30-дан бастап «Көкшетау – Атбасар» трассасында көліктің барлық түріне қозғалысқа тыйым салынды.

Сондай-ақ сағат 22.00-ден «Астана – Көкшетау» автожолында («Астана – Щучинск – Көкшетау») шектеу енгізу жоспарланып отыр.

QazAvtoJol-дан мәлім еткендей, күн райының нашарлауына байланысты Ақмола облысының жол мамандары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Қазіргі уақытта 30 арнайы техника жұмылдырылған.

Жол қозғалысына қатысты қандай да бір сұрақпен тәулік бойы 1403 нөміріне хабарласуға болады.