weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
20 қазан, 2023 / Рысжан Амантай / Sportroom
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Спорт комитеті: Азиададағы ұлттық құрама қорытындысы қанағаттанарлықсыз

Азия ойындарында алтын медальдардың аз болуы бірқатар себептерге байланысты

Спорт комитеті: Азиададағы ұлттық құрама қорытындысы қанағаттанарлықсыз
Фото: әлеуметтік желіден

Азия ойындарында алтын медальдардың аз болуы бірқатар себептерге байланысты деген жауап берді ҚР Туризм және спорт министрлігінің спорт және денешынықтыру істері комитеті newsroom.kz порталының сұраухатына.

«Оның ішінде бокстығы біздің спортшыларға қарасты төрешілердің әділетсіз шешімдері, спорт түрлері бойынша ұлттық федерациялардың халықаралық ұйымдармен өзара байланысының төменділігі, спорт саласының медициналық-биологиялық қамтамассыз етудің жеткіліксіздігі» - деген жауап алдық.

Қазіргі таңда Комитет тарапынан талдау жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша, спорт түрлері бойынша федерациялар басшыларының қатысуымен бас, жеке және аға жаттықтырушыларды тыңдау жоспарланудаекен. Одан бөлек, спортты одан әрі дамыту және оның тиімділігін арттыру жөнінде қысқа мерзімді және орта мерзімді шаралар қабылданатын көрінеді.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→