Әнші әрі актриса Салтанат Бақаева гонорарының көлемін "Ұйқым келмейді" бағдарлмасында айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Әкемнің ерке қызымын деп еркелеген әнші гонорар бағасын қойғанда қатты еркелікке салынбайтынын айтты.
"Негізі мен қатты биік баға қоймаймын. Менің дәрежемдегі актрисалардың ішінде менен де көп гонорар сұрайтындары бар. Біз бір гонорарды қойып, жеңілдік те жасаймыз. Бірақ кейде бағасын тағы да төмендетуді сұрап жатады. Маған ол тиімді болмай қалады. Жалпы кино түсіру көп уақытты алады. Актер мамандығының бір кемшілігі – ұзақ күту. Бірінші кастингке шақырғанын, одан кейін олардың жауабын күтесің. Түсетін болсаң, түсірілім барысын, киноның шыққанын да күтуге тура келеді, –" деді әнші.