Адвокат Айман Омарова Түркістан облысында балабақша қызметкері бүлдіршіндерді зорлауына байланысты жаңа деректерді айтты, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Айман ханымның айтуынша, Отырар ауданында балабақша қызметкерінен зорлық көрген балалар саны 15 болуы мүмкін.
"Алғашында үш қыздың зорланғаны туралы ақпарат түсті. Қазір олардың саны 15-ке жеткені туралы ақпарат пайда болды. Зорлық-зомбылық құрбандарының саны бұдан да көп болуы мүмкін. Күдікті қамауға алынды. Бұл видео хабарламаны Бас прокуратураға жолдап отырмыз. Өтінемін, барып тексеріп көріңіздерші. Өйткені кейбір ата-ана шағым түсіргісі келмейді. Өйткені олар іс жабылып қала ма деп қорқады", - деді адвокат Instagram-парақшасында тікелей эфирде.
Адвокат Ләззат Рақышеваның айтуынша, күдіктінің маңайында тұратын көптеген ата-ана кішкентай қыздарын жаппай гинекологқа тексертіп жатыр. Сондықтан, зардап шеккендер саны 15-тен астам болуы мүмкін.
"Күдікті балабақшада от жағушы болып жұмыс істейді. Жазда дәл осы азаматтың үстінен зорлық-зомбылық көрсеткені туралы арыз түскен. Бірақ істің неге ашылмағаны белгісіз", - деді Рақышева