Назарбаев үшін Нобельден бас тартқан кім?

О.Сәбден Нобель сыйлығынан не үшін бас тартқанын айтты

фото: abai.kz

Бұл туралы ғалым "Сұрауы бар" бағдарламасында айтты деп хабарлайды,- newsroom.kz.

Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Оразәлі Сәбден екі кітабын Нобель сыйлығына ұсынар тұста оған билік кедергі болды деген пікірге нүкте қойды.

"Билік кедергі болды деген өтірік! Бірақ Нобельге ұсынған жағдай болды. 2016 жылдар болуы керек. МГУ-да халықаралық конгрессте мені бірінші рет академик етіп сайлады. ТМД мемлекеттерінен тек 5-6 адам болдыҚ. Сол жерде "Библия глобус" деген орталық кітап дүкеніне конференцияға келген ғалымдар жиналды. Сонда менің жобамның 2 сағат 50 минуттық презентациясы болды. Жиналғандардан шетелдің және Ресейдің 3 ғалымы Кембриджда шыққан "Адамзаттың 21 ғасырда дамуы" және "Абай және қазақ болашағы" атты үш тілде шыққан еңбегімнің ағылшынша нұсқасын Нобель сыйлығына ұсынды. Сондай шешім қабылдады. Ол шешімнен кейін мен ары қарай жылжуым керек еді. Бірақ, дәл сол уақытта президент Назарбаев та ұсынып жатты. Сондықтан мен бас тарттым. Бас тартпауға да болатын еді. Бірақ, ол жерде президентпен таласу керек болды. Президенттің жанында білесің қандай адамдар бар. Президентпен жарысқым келмеді. Оны мен де, отбасым да қаламады. Ешкім қорқытпаса да, өзімізде сондай тоқтау болды,- деді академик.

Сұхбат барысында Оразәлі Сәбден бұдан бөлек, екі рет аталған еңбектерін ұсынғысы келген де сәтсіздіктер орын алғанын айтты. Сәтсіздіктерге қарамастан бұл мақсатын түбінде орындайтынын да айтып өтті.

"Бұл маселе әлі жабылмады. Ғалымдардың ғылыми еңбегі өле-өлгенше маңызды. Оның танылуы - келешектің ісі"- деді ғалым. 

 

 

Жүктелуде...