19 қазан күніне арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның солтүстігі мен батысында тұман түсіп, өткінші жауын-шашын болатынын newsroom.kz порталы хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана, күндіз батыста, солтүстік-батыста, түнде оңтүстігінде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте жел күшейеді.

Астанада –  жауын шашынсыз, көшпелі бұлт болады. Батыстан соғатын жел түнде 3-8, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +9+11°С.

Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз болады.  Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +18+20°С.

Жүктелуде...