Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 қазан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Чехияға жұмысқа орналасамын деп жарты миллион теңгесін жоғалтты

Тараз қаласының 48 жасар тұрғыны алаяқтардың құрбаны болған.

Чехияға жұмысқа орналасамын деп жарты миллион теңгесін жоғалтты

Тараз қалалық полициясына 48 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, интернет алаяқтарының құрбаны болғанын хабарлайды newsroom.kz порталы inform.kz сілтеме жасап. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицияның мәлімдеуінше ер адам кінәсін толық мойындаған. 

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі: 

“ Өтініш берушінің айтуынша, Instagram әлеуметтік желісінде ол Чехияға жұмысқа орналасу туралы хабарландыруды көрген. Әйел сілтеме бойынша өткен соң жұмыс берушілер хабарласып, оған құжаттар мен жұмысқа рұқсат алу үшін 500 мың теңге төлеу керек екенін айтқан. Ол ақшаны көрсетілген есепшотқа аударғаннан кейін жұмыс берушілер әйелмен байланысты тоқтатқан”