Тағы бомба ма? Көкшетау мектебіндегілер эвкауацияланды

Көкшетауда мектеп ғимаратынан оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланды

Фото: baq.kz

17 қазанда Көкшетау қаласындағы №2 орта мектеп-лицейіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен. Newsroom.kz бұл туралы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарылғыш зат туралы хабар 17 қазанда Көкшетау қалалық полиция басқармасына келіп түскен.

"Айтылған мекенжай бойынша шұғыл қызметтер, арнаулы және құқық қорғау органдарының мамандары бағытталды. Білім беру мекемесінен 1279 оқушы мен 79 мұғалім мен әкімшілік қызметшілер эвакуацияланды. Жарылғыш техниктер мен кинолог мамандар жүргізген тексеріс кезінде жарылғыш зат туралы ақпарат расталмады. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Жүктелуде...