Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен білім берудегі айрықша жетістіктері мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін еліміздің 17 педагогіне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Оқу ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» ҚР Заңының 24-бабына сәйкес Министрліктің бұйрығымен марапатталған педагогтерге 1000 АЕК көлемінде біржолғы төлемақы берілді.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы биылғы жылдың 5 қазанында өткен педагогтердің бірінші республикалық съезінде ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаған болатын. Оған 700-ге жуық білім беру қызметкерлері қатысты.