Тоқаев ақын Несіпбек Айтұлының отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

фото: akorda.kz

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Несіпбек Айтұлының өмірден өтуіне байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

"Несіпбек Айтұлы ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді өркендетуге сүбелі үлес қосып, руханият саласының алға басуына күш-қайрат жұмсады. Қазақстан тәуелсіздігінің жыршысына айналған ақынның тартымды туындылары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына мол әдеби-мәдени мұра қалдырған Несіпбек Айтұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған хатта. 

Жүктелуде...