Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 қазан, 2023 / Рысжан Амантай / Қаржы

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері қандай?

Орташа зейнетақы мөлшері аталды

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері қандай?
фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 477,6 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 760,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 717,5 миллиард теңге қарастырылды", - делінген хабарламада.

2023 жылғы 1 қазандағы өлшем бойынша, зейнеткерлер 2 миилион 312 мың адамды құрайды.

"2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 086 теңге, базалық зейнетақы – 37 902 теңге".