Аман болсын! Сәкен Майғазиев жол апатына түсті

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев ірі апатқа ұшырады

видеокадр

Сарыағашқа өнер көрсетуге барған Сәкен Майғазиев жол апатына түсті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Әнші оқиға орнындағы фотосуреттерімен бөлісіп, оқырмандарынан жолда абайлап жүруін сұрады.

"Бір Алла сақтады. Әсіресе, ана машинаға көп зақым келген екен. Құдай сақтады. Сарыағашқа келе жатыр едік, осындай жағдай орын алды. Бәрі жақсы болсын! Пәле-жаладан сақтасын! Абайлап жүріңіздер, жол тар. Басып озамыз деп осындай жағдай болды. Құдай сақтады,- деп жазды әнші.

Аса ірі апаттан дін-аман қалған әнші, желі қолданушыларының тілектеріне алғысын жаудырды.

"Тілектес жандарға мың алғыс. Ең бастысы аманбыз, қасымда Баглан Жолдасов бауырым бар. Сарыағашқа ән айтып, Шымкентке қайтып оралдық". Бұл бір бізге берілген сынақ, сабақ болды",- деді әнші әлеуметтік парақшасында.

Жүктелуде...