Жұма - әр мұсылман үшін бір мейрам, бұл күні Алла Тағаланың мейірім есіктері айқара ашыла түсетін болады.
Сол күндердің сұлтаны жұмада жақсы амалдар арқылы рухани тыныштыққа қол жеткізу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
Newsroom.kz парақшасы дайындаған мақаланы назарларыңызға ұсынамыз.
1. Жұма намаз бен хұтбаға бару
Жұма күнінің басты құлшылығы сауабы жалғыз оқығаннан бірнеше мәрте асып түсетін жамағатпен бірге оқылатын намаз болып табылады. Мұсылман баласының жұма күні жамағатпен намаз оқу үшін мешітке қарай басқан әр қадамы үшін сауап жазылатын болады.
Алла Елшісі (с.ғ.с) былай айтқан: «Күніне бес уақыт оқылатын намаз жұмадан жұмаға дейінгі аралықта жасалған үлкен күнәлардан басқасын жуып отырады» (Мүслим).
«Кімде-кім жұма күні ғұсыл алып, намаз оқу үшін ертерек мешітке баратын болса, ол құрбандыққа түйе шалғандай сауап алатын болады. Екінші сағатта баратындар – құрбандыққа сиыр сойғандай, үшінші сағатта баратындар – мүйізді қошқар сойғандай; төртінші сағатта баратындар – құрбандыққа тауық сойғандай, ал бесінші сағатта баратындар – құрбандыққа жұмыртқа бергендей сауап алатын болады. Имам мінберге шыққанда, хұтба тыңдау үшін періштелер келеді» (әл-Бұхари, Мүслим, ат-Тирмизи).
2. Садақа беру
Алла Тағала жұма күнін молшылық күні етіп жаратқан, бұл күні Ол Өз құлдарына шексіз мейірім мен нығмет сыйлайды. Қайырымдылық танытыңыз, осылай сіз Аллаға деген алғысыңызды білдіресіз. Күйбең тірлікпен жүріп мұқтаж жандарды байқамай жатамыз, осы күні айналаңыздағыларға ерекше ілтипатпен қараңыз, ақыл-кеңес беріңіз, көмек қолыңызды созыңыз, садақа беріңіз, ашқұрсақ жандарды тамақтандырыңыз. Аяушылық таныту үшін көптеген амалдар бар, жұма күнін дәл сондай күн етіп алыңыз.
3. Алғыс білдіру
Осынау зуылдап өтіп жатқан уақыттың соңынан қалмайық деп жүріп, біз алғыс білдіруді көбіне ұмытып жатамыз. Өміріміздің әр сәті үшін біз Алла Тағалаға шүкір айтып, алғысымызды білдіруіміз керек. Бір сәтке болсын бұл дүние істерін сиырып қойып, біраз тоқтап Алла Тағаланың сізге берген нығметтері туралы ойға шомып, жүрегіңізді шынайы шүкіршілікке толтырыңыз. Аллаға деген алғыс, сондай-ақ, адамдарға деген алғыс, адамдарға алғыс айта алмайтын жан, Алла Тағалаға да алғыс айтпайды.
4. Туыстық қарым-қатынасты нығайту
Мүмін адам үшін туыстарымен дген қарым-қатынас бірінші деңгейде тұруы керек. Жұма күнін туыстық қатынастарды нығайту күні етіңіз де оны өз отбасыңыздан бастаңыз. Олармен бірге уақыт өткізіңіз, садақа беріңіз, отбасылық кешкі ас ұйымдастырыңыз. Туыстарыңызға қоңырау шалыңыз, оларды қонаққа шақырыңыз, өзіңіз барып қайтыңыз. Бұл дүние қамымен жүріп туыстық қарым-қатынасыңызды суытып алмаңыз, исламда бұл өте маңызды.
5. Алладан күш-қуат беруін, келесі Рамазанға аман-есен жеткізуін сұраңыз
Алла Тағаладан келесі қасиетті Рамазанға аман-есен жеткізуін, оны лайықты түрде өткізуді сұрап әрі иманыңызды нығайтуын шынайы түрде тілеңіз. Алла Елшісінің (с.ғ.с) сахабалары қасиетті ай келгенше Алладан былай сұрайтын болған: «Уа, Алла, Рамазанға аман-есен жеткізе гөр!».
6. Дұға жасау
Осы күні көбірек дұға жасауға тырысыңыз, өйткені осы күннің бір мезгілінде жасалған дұғаны Алла Тағала кері қайтармай, қабыл ететін бір уақыт бар. «Бұл күнде бір нақты уақыт бар, егер мұылман болып табылатын Алланың құлы осы уақытта намаз оқып, Алла Тағаладан бір нәрсе сұраса, онда Ол құлының сұрағанын береді», содан кейін ол бұл уақыттың өте қысқа екенін білдіріп қолымен белгі берді» (әл-Бұхари мен Мүслим).
7. Тәубеге келу
Жұма түні Алла Тағала Тозақ Отынан алты жүз мың адамды босатады. Кез-келген уақытта тәубеге келу маңызды, бірақ жұма түні истиғфар айтуды ұмытпаңыз.
8. Салауат айту
Екі дүние сардар Пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с) былай айтқан: «Аптаның ең құнды күні жұма болып табылады, осы күні маған көп салауат айтыңдар, сендердің айтқан салауаттарың маған жететін болады».