Түркістан облысында науқас дәрігерді пышақтап кетті деп хабарлайды informburo.kz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. Келеңсіз жағдай Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылындағы жекеменшік емханада орын алған. УЗИ кабинетіне кезекте тұрған науқас жанжал шығарып, рентгенолог дәрігерді пышақтап кеткен. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы аттанды. Шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 27 жастағы күдіктіге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді” - деген айып тағылды.
Қазіргі уақытта айыпталушы уақытша ұстау изоляторында. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.