2023 жылдың жазы мейрамхана иелері үшін қызу жұмысқа толы уақыт болды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы hh.kz-ке сілтеме жасап.
Биыл аталған салада 10 мың орын бос екен. Бұл былтырғы көрсеткіштен 28 пайызға жоғары. Күн райының суыуына байланысты жазғы орындар жабылса да, ресторан бизнесіндегі қызметкерлер әлі тапшы көрінеді. Тамыз, қыркүйек айларында мейрамхана мамандарын іздеу статистикасы 31 пайызға өскен. Бұл елдегі ресторан бизнесінің дамығандығынан хабар береді.
Алматы өңірінің 48 пайызын құрайтын бос вакансиялар көшін мейрамхана кәсібі бастап тұр екен. Еліміздегі ресторан бизнесінің астанасына айналған Алматыда бүгінде 2 миллионнан аса адам бар.
Бұдан бөлек, Петропавл мен Қостанайда да мейрамхана мамандары тапшы. 1 бос орынға 3-4 адам ғана көрінеді. Әдетте 5-7 маман таласатын орын бұл салада адам тапшы екенінің дәлелі. Ал, Тараз қаласында 1 орынға 14 адам таласады.
Айта кетейік, бұл саладағы жалақы мөлшері де нарық бағасымен сәйкес келеді. Орта есеппен айына 250 мың теңге.