"Ән айтып тұрып, қан көтеріліп кетті" М.Арынбаев денсаулығы туралы айтты

Белгілі әнші Медеу Арынбаев осыдан бірнеше жыл бұрын өзіне ота жасалғанын айтты

фото: tengrinews.kz

Танымал әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында сахнадан шеттеп қалған кезін еске алды, деп жазады newsroom.kz.

"Оның бәрі артта қалды. Осыдан төрт жыл бұрын денсаулығыма байланысты ота жасалды. Одан кейін бір жылдан аса уақыт өз-өзіме келдім. Дертіңді айтқың да келмейді екен. Сахнада ес жоғалтып қалу деген жағдай болды. Ән айтып тұрып, қан көтеріліп кеткен секілді болды. Оның не екенін де түсінбейсің. Талып қалғаннан Құдай сақтасын. Басқа бір ойға кетесің де, айтып тұрған әнің тоқтап қалады, музыкаң өтіп жатыр. Бұл Алматыда өткен үлкен сахнада болды. Содан кейін мен көңіліме алып қалған шығармын. Сөздің ашығы, сахнадан шеттеп қалған кезім болды. Ота жасалды, барлығы артта қалды. Қазір денсаулығым қалыпты", - деді Медеу Арынбаев. 

Жүктелуде...