Солтүстік Қазақстанда автогаз тапшылығы тіркелді деп хабарлайды informburo.kz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.
Бір аптадан бері жанар-жағармай құю бекеттері сұйытылған отынды тек талонмен сатуда деген ақпарат таралуда. Бірнеше күн бойы таңертеңнен кешке дейін газ іздеген көлік жүргізушілеріне 20 литрге дейін алу лимиті қойылған.
"Кейбір жанар-жағармай құю бекеттерінің барлығы жабық. Бірнеше күн іздедім, бүгін ғана таптым. Кеше толтырайын деп едім., олар да газ жоқ деді. Көп жерде тек талонмен беріледі", - дейді Петропавл тұрғыны Әділ Қайырденов.
"Екі апта болды. Газдың барлығын элеваторлар алып жатыр. Өйткені егінді түгел кептіру керек. Сондықтан барлығын сол жерге жіберіп, қарапайым халыққа жетпей жатыр", - деп қосты қала тұрғыны Юрий Игнатов.
Тасымалдаудың кешігуі мен сұраныстың артуы газ тапшылығына себеп екенін шенеуніктер ескертті. Жергілікті билік бұл мәселенің қанша уақытқа созылатыны туралы нақты ақпарат бермеді. Бірақ олар Энергетика министрлігіне көлемді ұлғайту туралы өтінішпен хат жолдадық деп сендірді.