weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

СҚО-да қыздың үстіне әткеншектің жоғарғы арқалығы құлады

Оқиға Тайынша ауданына қарасты Келлеровка ауылында болды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне 2009 жылы туған қыздың үстіне әткеншектің жоғарғы арқалығы құлағаны туралы хабар түскен. Зардап шеккен қызға құтқарушылар мен дәрігерлердің көмегі қажет болды. Бұл туралы Centralmedia24 мәлімдеді,—деп хабарлайды newsroom.kz

СҚО-да қыздың үстіне әткеншектің жоғарғы арқалығы құлады

Оқиға орнына трассалық медициналық-құтқару пунктінің мамандары жедел жетті. Олар зардап шеккен қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

«Тексеру жүргізіліп, қажетті көмек көрсетілгеннен кейін зардап шегуші Тайынша аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, оның жағдайы тұрақты», – деп хабарлады облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, оқиғадан кейін әткеншек бөлшектеліп алынды. Алайда оның орнына жаңасы орнатылмайды.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 маусымда Маңғыстау облысы Полиция департаментіне Атамекен ауылындағы үйлердің бірінде кәмелетке толмаған баланың көз жұмғаны туралы хабар түскен. 12 жастағы бала аулада қолдан жасалған әткеншекте ойнап жүрген кезде жазатайым оқиға салдарынан өміріне қауіп төндіретін ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→