Шипасын берсін! Өскеменде 10 студент уланды

Өскемен технологиялық колледжінде 1 курстың 10 студенті асхана тамағынан уланды.

Өскемен технологиялық колледжінде 1  курс студенттері жаппай уланған деп хабарлайды informburo.kz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

Асхана тамағын тұтынғаннан кейін 10 студент өздерін нашар сезінген. Қазір оқу ордасы  білім алушыларды қашықтықтан оқыту форматына көшірген. 

Орын алған келеңсіз жағдайға байланысты жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алу басқармасының өткізген  «қоғамдық тамақтандыру  конкурсын» осыдан 2 апта бұрын кәсіпкер Нукушева жеңіп алған екен. 

«Балалардың іші ауырды, содан кейін жедел жәрдем шақырдық. Тексеруден кейін олар амбулаторлық емделуге жіберіліп, антибиотиктер тағайындалды. Қазір олар біздің медицина қызметкерлерінің бақылауында», - дейді колледж директоры Қажымқан. Оспанғалиев.

Жүктелуде...