Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 қазан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Сабина Алтынбекованың үстінен арыз жазған кім?

Танымал спортшы Сабина Алтынбекованың “Қыздар қауымдастығын құрамын”- деп басы дауға қалды.

Сабина Алтынбекованың үстінен арыз жазған кім?

«Қазақстанның танымал спортшысы Сабина Алтынбекованың басы дауға тап болды» - деп хабарлайды newsroom.kz порталы. 
Мамыр айында «Қыздар қауымдастығын құрамын», - деп Алтынбекова өзінің әлеуметтік парақшасында мәлімдеме жасаған болатын.  

Маусым айында 290 мың теңге тұратын курсты сату  жүзеге асырылған. Алайда, курсты сынға алып, көңілі толмағандар қарасы аз емес. Ақшасын қайтаруды талап етіп, тіпті Сабина Алтынбекованың үстінен арыз тастаған жандар да табылған. 

Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. «Полиция департаменті бұл дерек бойынша Р. есімді азаматтың арызы Түрксіб ауданы полиция басқармасына 6 қазанда келіп түскенін хабарлайды. ҚР ҚІЖК 179-бабының талаптарын негізге ала отырып, тараптар арасында шарттық қатынас болуын ескере отырып, Р.есімді азаматқа азаматтық-құқықтық тәртіпте сотқа жүгіну ұсынылды», -деді ПД баспасөз хатшысы.