Ауғанстан тағы дүрлікті: 2445 адам жер сілкінісінен қаза тапты

11 қазанда Ауғанстандағы Герат тауының оңтүстік-батыс бөлігінде тағы да жер сілкінісі болды.

BBC

*Ауғанстан тағы дүрлікті: 2445 адам жер сілкінісінен қаза тапты*  

ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісінің хабарлауынша 2023 жылдың 11 қазан күні сағат 6:44:05-те жер сілкінісі тіркелген деп жазады newsroom.kz порталы. 

Апат 272 мың халқы бар Герат тауының  оңтүстік-батыс бөлігінде орын алған. Біраз уақыттан кейін сейсмологтар Ауғанстанның батысында магнитудасы 5,0 болатын тағы бір жер сілкінісі болғанын хабарлады. Ошағы Гераттан солтүстік-батысқа қарай 28 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Дәл осы оқиғадағы адам шығыны туралы әзірге ақпарат жарияланбаған.

Еске салсақ, 2023 жылдың 7 қазанында Ауғанстанның Герат қаласынан 40 шақырымдай жерде орта есеппен 5,9 баллдық жер сілкінісі болды. Жалпы, Біріккен Ұлттар Ұйымының халықты орналастыру қоры 2021 жылы Ауғанстан халқының санын 39,8 миллион адам деп есептеген. Елдегі соңғы жағдайдың салдарынан 2445 адам қаза тауып, 3 мыңға жуығы ауыр жарақат алған. Жан түршіктірерлік оқиғадан кейін Қазақстан Ауғанстанға көмек қолын созды.  

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша гумантиралық көмек жеткізілді. Азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек, шатыр және басқа да қажетті заттар жөнелілді. Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрлігінің  45 адамнан құралған құтқару қызметі жұмылдырылған болатын.

Жүктелуде...