“Бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін ұрлады”- деген айыппен Ақтөбе облысының экс-әкімі бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды newsroom.kz порталы.Сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік коорпорацияның басшысы лауазамын қатар алып жүрген шенеулікке мемлекетке 200 миллион теңге көлемінде шығын келтірді деген айып тағылды. 2 апта бұрын, сот шешімімен қамауға алынған ол аштық жариялап, соның салдарынан денсаулығы күрт нашарлаған. Қамалуына тағы бір себеп: Қызмет барысында Ермек Жетпісбайұлы Садовое ауылындағы 70гектар жерді нарықтағы өз құнынан бірнеше есе арзан бағада сатқан. Одан бөлек жер учаскелерін айырбастау үшін бірнеше құрылыс компаниясымен келісімшарт жасасқан. Осындай күдіктен кейін оны бірден тұтқынға алды. Ақтөбе қаласының N2 соты, ҚР-ның 189-бабына сәйкес Ермек Иманбаевты 8 жылға бас бостандығын айыру туралы үкім шығарды.