Алғашында қыздың мүрдесі туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, содан кейін мұны полиция департаменті растады.
Желі қолданушылары қалада 18 жасар қызды өлтіріп, көміп кеткені туралы жарыса жазды. Полиция бойжеткеннің денесі табылғанын растады, бірақ оның жасын нақтыламады және денені көміп тастады деген қауесетті жоққа шығарды.
"Елордалық полиция қалтарыстан күштеп өлтіру белгісі жоқ қыздың денесін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кешенді жедел тергеу іс-шараларының кешені өткізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады полиция департаменті.