weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Солтүстік Кореядан қалыппыз: Азиадада масқара болдық

Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ Азия ойындары аяқталды. Қазақстан бұл жолы 11-орынмен шектелді

Солтүстік Кореядан қалыппыз: Азиадада масқара болдық
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы newsroom.kz порталы хабарлайды.

Спортшыларымыз Қытайдағы Азиада ойындарынан 80 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль бар. Көш басында жарыс қожайындары. Олар алтынның санын 200-ден асырды. Екінші орынға Жапония көтерілсе, үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеді. Үндістан алғаш рет төртінші орынға тұрақтады.

1. Қытай – 201-111-71 (383)

2. Жапония – 52-67-69 (188)

3. Оңтүстік Корея – 42-59-89 (190)

4. Үндістан – 28-38-41 (107)

5. Өзбекстан – 22-18-31 (71)

6. Қытайлық Тайпэй – 19-20-28 (67)

7. Иран – 13-21-20 (54)

8. Таиланд – 12-14-32 (58)

9. Бахрейн – 12-3-5 (20)

10. Солтүстік Корея – 11-18-10 (39)

11. Қазақстан – 10-22-48 (80). 

 Айта кетейік, Қазақстан тарихында бұл - (10 алтын медальмен) ең төмен көрсеткіш. 2018 жылы Джакартада 15 алтын – 9-орын, 2014 жылы Инчеонда 28 алтын – 4-орын алғанбыз.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→