weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан Азиада ойындарын күміс жүлдемен аяқтады

Азиада-2023 ойындары аяқталды

Қазақстан Азиада ойындарын күміс жүлдемен аяқтады
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Бұл туралы newsroom.kz Қазақстан Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Азиаданың соңғы жүлдесін еншілеген Мөлдір Жаңбырбай Тайпей спортшысы Шиау Шуанг Гумен каратэден 50 келі салмақпен қарсыласып, 5:5 есебімен тең түсті. Дегенмен, соңғы нәтижелі әдісті қарсылас жасағандықтан, жеңіс Тайпейге бұйырды.

Осымен Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпы есепте 80 медаль еншіледі. Қазақстан спортшылары Азия ойындарында 10 алтын, 22 күміс пен 48 қола медаль алды.
Жалпы командалық есепте еліміз үздік ондықтың қатарына кіре алмады. Яғни, Қазақстан құрамасы 11 орынға тұрақтады. Азия ойындарында 201 алтын, 111 күміс, 71 қола алған Қытай командалық есепте бірінші орынға жайғасты. Екінші орында Жапония. Үшінші орында Оңтүстік Корея, Үндістан төртінші орында. Ал Өзбекстан құрамасы бесінші орынға тұрақтады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→