"Міржақып. Оян, Қазақ!" фильмі прокаттан неге алып тасталынды?

Фильм 21 қыркүйектен бастап тура екі апта бойы кинотеатрларда көрсетілді.

e-history.kz

Әлеуметтік желіде Мұрат Есжан "Міржақып.Оян, Қазақ!" фильмінің режиссеры картинаның қазақстандық кинотеатрларда көрсетілуі неге тоқтатғанын айтты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Драма 21 қыркүйекте жарыққа шықты. Алайда, бүгінде фильмді кинотеатрлардың плакаттарынан табу мүмкін емес және осыған әлеуметтік желі қолданушылары назар аударды.

Режиссер Мұрат Есжан бұл жағдай туралы айтып берді. Оның айтуынша, осылай жоспарланған болатын.

"Шығармашылық топ, яғни, біз прокатпен айналысқан жоқпыз, десе де, мына нәрсені айтқым келеді. Фильм 21 қыркүйектен бастап тура екі апта бойы кинотеатрларда көрсетілді. Негізі прокат мерізімі өткен жексенбі аяқталған болатын, алайда көпшіліктің сұранысына байланысты 4 қазанға дейін ұзартылды.
Жалпы, 6 сериялы телехикаядан көркем фильм жасау, оны үлкен экран арқылы көпшілікке ұсыну “Қазақстан” телерадиокорпорациясының тікелей идеясы мен ұсынысы болатын. Ол үшін алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Сондықтан прокат мерізімінің аяқталуынан қандай да бір астар іздеп, тараптарды кінәлаудың орны жоқ деп санаймын" - деп жазды режиссер.

Жүктелуде...