Детектив жанрын менсінбейтін еді ғой: журналист ащы шындықты жазды ма?

Бір қызық айтайын ба? – деп әлеуметтік желіде пост жазған белгілі журналист Бауыржан Қарипов қазіргі зиялы қауым өкілдері жаппай тойлап жатқан Кемел Тоқаевтың мерейтойы туралы елді елең еткізерлік жазба жариялады.

Фото: фейсбук әлеуметтік желісінен

Бұл туралы newsroom.kz хабарлайды.

Б.Қариповтың жазуынша, жазушы Кемел Тоқаевты ұлы президент болмай тұрып ұлықтаған, детектив жанрының дамуына елеулі үлес қосқан, тіпті сол заманда Кемел Тоқаев атындағы қаламгерлер бәйгесін ұйымдастырған бір ғана ұйым бар екен. Ол Досымбек аға (Өтеғалиев), Айнұр Сембаева бастаған «Заң» газетінің ұжымы көрінеді.
 
«Жазушылар Одағы детектив жанрын менсінбейтін еді ғой. Жазушылар Одағы сондай бәйге ұйымдастырыпты дегенді естіңіздер ме? Қазір ЖО-ны қойып, универлер, кітапханалар бәйге ұйымдастырып кетті» - деп ашына жазды ол.
 
«Ең бір қызығы, Кемел Тоқаевтың 100 жылдығында жоғары жақ «Заң» газетін бір іс-шарасына қосқан жоқ» - деген Бауыржан Қарипов өз жазбасына постскриптум қоя отырып, «Заң» газеті бізді елемеді деп ренжіп жатқан жоқ. Жыл сайын дәстүрлі бәйгені өткізе береді. Бәрі детектив жанры үшін. 2018 жылғы марапат, бас бәйгені Әлібек Байбол алған» - деп өз жазбасын түйіндеді. 

Ал, танымал журналист және медиа-менеджер Айнұр Сембаева болса: «2017 жылы байқауға демеуші іздегенде бір адам көмек бермеп еді. Тіпті күні кеше дүрілдетіп «Кемел қаламгер» байқауын өткізген «Кемел Тоқаев қоры» да «біз тек оқушыларға, білім ордаларына қатысты жобаны қолдаймыз» деп қаржы беруден бас тартқан. Қолымыздағы аз қаржымен көмек сұрап барғанда көңілімізді жықпаған Алматы қалалық сотының 2017-2018 ж төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов еді. Мың алғыс ағамызға! – деп пікір қалдырған.

Жүктелуде...