Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Әлемде энергия саласы бюйынша 5 жұмыс орнының екеуі Қытайда

Дүние жүзінде жаңартылатын энергия секторында 13,7 млн адам жұмыс істейді

Әлемде энергия саласы бюйынша 5 жұмыс орнының екеуі Қытайда
фото: online.org

Бұл туралы newsroom.kz порталы finfrom.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы 10 жылда энергетика саласындағы жұмыс орындарының саны 60 пайызға өсті. Халықаралық ЖЭК агенттігінің есебіне сәйкес әлемде 2022 жылы 13,72 млн адам жаңартылатын энергетика саласында жұмыс істейтін көрінеді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,3 пайызға көп. 

2015-2020 жылдар аралығындағы жаһандық жаңартылатын энергия саласындағы тоқырауға қарамастан, соңғы жылдары аталған сала басқа салаларға қарағанда көш ілгері болды. Атап айтқанда, 2020 жылы жалпы саладағы инвестициялар 348 млрд АҚШ долларынан 2022 жылы 499 млрд АҚШ долларға өсті.

Жаңартылатын энергетикалардың ішіндегі энергия көзі - гидроэнергетика 1,3 мың ГВт-ті құрады. Сондай-ақ, күн фотоэлектр және жел жел энергиясы мен биоэнергия қуаты да өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өсті.

Жалпы энергетика саласындағы ең көп жұмыс істейтіндер - фотоэлектр өнеркәсібінде екен.  Атап айтқанда, 4,9 млн адам,бұл - 2021 жылмен салыстырғанда 14,2 пайызға көп. Ал өнеркәсіп қызметкерлерінің 40 пайызын әйелдер құрайды. Бұдан өзге биоэнергетика саласында 3,58 млн адам қызмет атқарса, гидроэнергетикада 2,49 млн адам жасайды.

Айта кетейік, дүние жүзіндегі жаңа жел электр қуатының жартысы және фотоэлектр қуатының 45 пайызы Қытайда орналасқан. Жалпы алғанда дүние жүзінен ЖЭК саласындағы 5,55 млн адамның 2,76 млн-ы Күншығыс елінде еңбек етіп жүр.