Сүйінші! 5 алтын Азиадада алдық!

Алексей Луценко тас жолдағы велоспорттан жекелей есеп сайысында бірінші келді

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Ханчжоуда өткен Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Біздің спортшымыз тас жолдағы велоспорттан 39,7 шақырымға созылған жекелей есеп сайысында озық шықты,- деп хабарлайды newsroom.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Алексей 39,7 км қашықтықты 48:05.75-те бағындырды. Қытайлық спортшы (50:05.83), Гонконгтан келген велошабандоздың көрсеткіші (50:17.76).

Бұл Ханчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына түскен бесінші алтын медаль. Айта кетейік, Алексей Луценко 2014 және 2018 жылдары да Азиада чемпионы атанған.

«Алексейді жеңісімен құттықтаймын! Ол өзінің шеберлігін ғана емес, қайсарлығын да көрсетті. Бүкіл ел оны қолдады және қазір барлық қазақстандық оны мақтан тұтады», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Жүктелуде...