Мұнай мен энергетика: Қазэнерджи форумы басталды

Бүгін 3 қазан күні Астанада Қазэнерджи форумы басталды.

Фото: newsroom.kz

Айтулы шара құрылғанына 10 жыл толған "Қазэнерджи энергетикалық әйелдер клубының" жиналысымен басталды,- деп хабарлайды оқиға орнынан жаңалық таратып отырған newsroom.kz тілшісі. 

Жиналыста әйелдердің әлеуметтік және энергетикалық саладағы инициациялық рөлі туралы айтылды. Жұмыс пен үй шаруашылығын қатар алудағы нәзік жандардың батылдығы баяндалды.

Алғашқы сөз кезегі Қазэнерджи қауымдастығының бас директоры Кенжебек Ибрашевқа берілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Олжас Ордабаев гендерлік теңсіздікті жеңу туралы ақпараттармен бөлісті.

"KAZENERGY әйелдер энергетикалық клубының" төрайымы Айзада Ақкайсиева newsroom.kz тілшісіне берген сұхбатында клубтың алдағы жоспар-мақсатымен бөлісті.

“Биыл “Қазэнерджи” форумы жанынан ашылған энергетикалық әйелдер”клубына 10 жыл толып отыр. Бұл клуб мұнай-газ, энергетика саласында қызмет атқаратын нәзік жандарға арналған. Осымен 6-шы форумды өткізуіміз. Әйелдердің біліктілігін арттыруды үлкен жұмыстар жасалып жатыр. Биылдың ішінде Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында және Екібастұз ГРЭС - те ханымдарға арнап форум ұйымдастырдық. Мақсатымыз - басқарушы әйелдердің біліктілігін арттыру. Бұл форум келесі 10 жылдықта әйелдерге күш, энергия, жігер береді деген ойдамын”,- деді Айзада Ақкайсиева.

2 сағатқа созылған клуб жиналысы энергетика саласына үлес қосқан әйелдерді марапаттаумен және мереклік тортты кесумен аяқталды.

Алдағы уақыттарда форум жұмысынан тағы да жаңалықтар тарататын боламыз.

Жүктелуде...