Шымкентте зейнеткер қала әкіміне өзінің табыс тауып отырған жерінен тәртіп сақшылары қуып жібергенін айтып шағымданған,- деп хабарлайды newsroom.kz elitar.kz сайтына сілтеме жасап.
Қызғалдақ түйнектерін қала орындықтарының бірінде сатып отырған зейнеткер әкімнен күнкөріс көзінен айырмауын өтінген.
Кейуананың арызын тыңдаған Ғабит Сыздықбеков, Әл-Фараби ауданының әкіміне және жергілікті инспекторға зейнеткерге тиіспеуін, саудасына кедергі келтірмеуін ескертті.