Бүгін Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған турнир өтті. Дәстүрлі сайыс биыл 60-рет өткізіліп отыр, хабарлайды Newsroom.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Дүбірлі додаға Түркістан облысының аудан-қалалары мен Шымкент қаласынан 13 команда қатысып, 200-ге жуық балуан боз кілемде белдесті. Нәтижесінде "түйе балуанға" арналған бас бәйге - Төлеби ауданының балуаны Марат Байқамұров ие болды.
Айта кетсек, жарыс ұлттық спорт – қазақ күресін дамыту, халық арасында қазақ күресін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Сонымен қатар, балуандардың спорттық шеберліктерін шыңдап, алдағы өтетін ірі жарыстарға облыс құрамасын іріктеу үшін өткізілген.