Мейіржан Юсупов 2 қазанда қызметке кіріседі деп хабарланды. Бұл күні Ержан Мұқанов Басқарма төрағасы – Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен кетеді, деп Newsroom.kz хабарлайды Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Мейіржан Юсупов - Middle East Technical University «экономика және басқару» мамандығы бойынша бітіріп, Лондон экономика мектебінде («Болашақ» бағдарламасымен) экономикалық дамуды басқару бойынша магистр дәрежесін алған. Сондай-ақ, Гарвард университеті Дж. Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебінің магистрі дәрежесіне ие.
2010 жылы Қазатомөнеркәсіпке Корпоративтік қаржы және қазынашылық департаментінің директоры болып келгенге дейін әртүрлі лауазымдарды атқарған. 2015-2020 жылдары Юсупов Қазатомөнеркәсіптің экономика және қаржы жөніндегі бас директоры қызметін атқарды.