Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 қыркүйек, 2023 / NewsRoom / Әлем

Қырғызстанда ата-анасын қарттар үйіне тапсырған балаларды жазалау ұсынылды

Қырғызстанда әлеуметтік мекемелердегі қарттардың саны көбейген

Қырғызстанда ата-анасын қарттар үйіне тапсырған балаларды жазалау ұсынылды
el.kz

Жогорку Кенеш депутаты Тазабек Икрамов қылмыстық және отбасылық кодекстерге, сондай-ақ "мемлекеттік азаматтық қызмет және муниципалдық қызмет туралы" заңға енгізілетін түзетулер туралы айтты. Оған сәйкес еңбекке қабілетті балалардың қарт ата-аналары үшін жауапкершілігін қатаңдату ұсынылды, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Депутаттың айтуынша, бүгінде қарт ата-аналарды қарттар үйінде қалдыру қалыпты жағдайға айналды.

Әлеуметтік мекемелердегі қарттардың саны артып келеді. Олар әртүрлі себептермен сонда қалады, бірақ көбінесе балалары қалдырады. Ата-аналарын тастап кеткен азаматтарды жауапқа тарту үшін сот шешімі қажет. Бірақ іс жүзінде бірде-бір ата-ана баласына қарсы арыз жазбайды. Аталмыш заң жобасын қабылдаған кезде мекеме басшылығы автоматты түрде құқық қорғау органдарына өтініш жібереді және іс сотта қаралады, - дейді депутат.

Депутат ата-анасын қарттар үйінде қалдырғаны үшін азамат жауапқа тартылған жағдайда айыппұл мөлшерін 50 мыңнан 100 мың сомға дейін ұлғайтуды ұсынады. Сондай-ақ депутат ата-анасын қараусыз қалдырған балалар мемлекеттік қызметке қабылданбайды деген норма енгізуді де ұсынды.