Азия ойындарының үшінші күнінде қазақстандықтар спорттың 16 түрінен өнер көрсетеді, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
26 қыркүйек XIX жазғы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары қатысатын жарыстар:
9:00, 12:30 - Семсерлесу;
9:00 - Оқ ату. Қозғалмалы нысана көздеу 10 м (микс), пневматикалық мылтық (микс) 25 м спорттық тапанша;
9:00 - Стенд ату. Скит. Іріктеу;
9:00, 14:00 - Таэквондо. 63 келі, 53 келі, 57 келі;
9:50 - Киберспорт. Street Fighter V. Плей-офф;
10:00 - Велотрек. Командалық спринт (ерлер), Командалық із кесу (ерлер), Командалық із кесу (әйелдер);
10:00, 16:00 - Дзюдо. 78 келі, +78 келі, 90 келі, 100 келі, +100 келі;
10:00 - Теннис. Евсеев Денис - Тунг-Лин Ву (Тайпей), Жукаев Бейбіт – Сумит Накал (Үндістан), Айнитдинова Гөзал / Құламбаева Жібек – Я.Ли / Е. Лианг (Тайпей). 10:00 - Жүзу 200 м, 100 м еркін стиль, 400 м еркін стиль;
11:00 - Баскетбол 5х5. Ерлер. Іріктеу матчтары. Қазақстан-Сауд Арабиясы;
15:00 - Спорттық гимнастика. Ерлер арасындағы көпсайыс. Финал;
15: 00 – Шахмат. Жекелей жарыс. 5-7 раундтар. 17:00 - Жағажай волейболы. Ерлер. Жартылай финал. Қазақстан-Қатар;
17:50 - Баскетбол 3х3. Іріктеу матчтары. Қазақстан-Камбоджа;
19:30 - У-шу. Санда 52 келі. Ширек финал. Тұрсын Аян - Меликова Айлар (Түрікменстан);
20:30 - Бокс. Кешкі сессия. Іріктеу. Махмұд Сабырхан - Ли Йечан (Оңтүстік Корея).
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан медальдар кестесінде 15-орында тұрғанын жазған болатынбыз.