Олар қуанышты жаңалығын бөлісіп, тыңдармандары мен оқырмандарын қуантып жатыр. Аяғы ауыр әншілердің бірқатарына шолу жасап шықтық, деп хабарлайды newsroom.kz.
Биыл көктемде шаңырақ көтерген әншілер Ерке Есмахан мен Raim сәби күтіп жүргенін ерекше тәсілмен жеткізді. Жұлдызды жұп бейнебаян түсіріп, ол жерде Еркенің аяғы ауыр екенін көрсеткен.
Сондай-ақ Ерке гендер пати өткізуге қатысты тыңдармандарының сұрағына жауап берді.
Раим құптамай отыр. Бірнәрсе ұйымдастырайық деп қанша айттым. Әлі де айтып көремін. Бірақ болмайды-ау сол, - деп жазды Ерке Есмахан.
Белгілі әнші Жанар Дұғалова да сәби күтіп жүр. Ол әзірге ресми түрде жаңалығын жарияламаса да, тыңдармандары хабардар болып үлгерді. Алматыда өткен концертте әнші, аяғы ауыр Жанар Дұғалованың өнер көрсеткені елдің қызу талқысына түсті. Әнші босанатын уақыты жақын болғанына қарамастан, сахнаның сәнін келтіріп жүр.
Әнші Алтынай Жорабаева көптен бері сәби сүюді армандап, енді сол сәттің болатынын айтып, оқырмандарын қуантып қойды. Ол ұл болғанын қатты қалайтынын атап өтті.
Алланың қалауымен, сіздердің ақ тілектеріңізбен, әке-анам, ата-енем, бауырларым, қыздарым мен Алишер екеуіміздің дұғамызбен, Алишер екеуімізге Алла тағалам сәби сүюді нәсіп еткелі жатыр екен, Алишердің қуанғаннан төбесі көкке бір елі ғана жетпей қалды. Негізі 3 жылдай қатты үміттенгенбіз... Содан былтырдан бері үмітімізді үзген едік. Себебі жас та келіп қалды дегендей.