Елордада көпқабатты тұрғын үйден құлап көз жұмған жасөспірімнің туыстары мәлімдеме жасады, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған мәлімдемені "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәрі желідегі парақшасында жариялады.
"Мен, 12-қабаттан құлап кеткен баланың әпкесі Омарбекова А.Н. Аталған қайғылы жағдайдың буллинг салдарынан өзіне қол жұмсамағанын, жазатайым оқиға болғанын деп мәлімдеймін. Егер баланың отбасынан, достарынан және сыныптастарынан сұрасаңыз, бәрі оны жақсы көргенін білуге болады, ол өте көпшіл бала еді. Мұғалімдермен де қарым-қатынасы жақсы болды. Модельдікпен айналысып, жарнама роликтеріне түскен. Оның өлімі №17 мектептегі буллингтен болған деген ақпараттар жақындарына ауыр тиіп отыр", делінген мәлімдемеде.
Қор өкілдері мен марқұм жасөспірімнің туыстары желіде жалған ақпарат таратпауды сұрайды.