Ринатты құртпақшы - Омар Жәлел осып айтты

Ринат не деді? Шәкәрім не деді? Жоқ, дұрысы: Шәкәрім не деді? Ринат не деді? - деп жазды қоғамға қазіргі қазақтың бас биі ретінде танылған Омар Жәлел.

Ғаламтор желісінен

Ринат жаңалық ашып отыр ма, әлде Шәкәрімнің айтқанын жәй ған қайталады ма? Енді өздеріңіз зер салып қараңыздар. Мұқият тыңдаңыздар - деген жазбаны newsroom.kz порталы қаз-қалпында беруді жөн көрді, деп хабарлайды newsroom.kz Омар Жәлелұлының фейсбук парақшасына сілтеме жасап.

Пән жамылған әлімдер,
Дін жамылған зәлімдер.
Бере берсең бәрін жер,
    Сол жалмауыз паңнан без!

Ринат не істеді? Сол дін жамылған зәлімдердің жамылғысын жұлып алды. Дін баспайданың көзіне айналғаны тек бүгін емес қой. 
   Дінді жамылған зәлімдердің өз шындығы бар: біз тура жолдамыз дейді; сыртымызды түзесек болды, ішімізді кім көріп жатыр дейсің дейді. Діннің көп адамға өзінің бұрыс әрекеттерін бүркемелейтін шымылдыққа айналғаны да рас. 

Шындық деген - шымылдық біреулерге,
Қалқа қылып шындықты жүрер пенде.
Шымылдығын шындық кеп жұлып алса,
Шыбыны ұшып, бишара кірер жерге.

Мұқағали сөй дейді. Дін деген шымылдығынан айырылғандар шыбыны ұшып, жандары қиналып жатыр. Ринатқа шабуылды бастап кеп жіберді. Ерте ме, кеш пе, бұл сөзді біреу айтуы керек еді. Пайдасыз діннен шаршаған  қалың көпшілік Ринатты қолдай кетті. 
   Енді пайдалы дінді қалай табамыз?

Пайғамбар қыл ақылды!
Сол табады мақұлды.
Адасып әлім шатылды,
   Ол шатасқан шаңнан без!

Дін жаман емес. Қайталап айтам. Дін тазасын таба алмаған біз жаманбыз. Дін тазасын тапқанда дін бұлай қиянатқа айналмаушы еді. 
   Ринат : дінді тазалайық деді. Мынадай шатақ дін бізді құрдымға апарады деді. Бірақ бұл messagді кім естіді? Ешкім естіген жоқ. Көздері қанталап Ринатты құртпақшы. Ринаттан құтыласың ау, шындықтан қалай құтыласың?!

Жүктелуде...