«Newsky Award 2023» БАҚ арасындағы халықаралық сыйлығына қатысуға өтінімдер қабылданады

Биыл Қазақстанда жыл сайынғы «Newsky Award 2023» халықаралық медиа-сыйлығы өтеді.

Ғаламтор желісінен

Журналистер қауымы өз жұмыстары мен идеяларына сараптамалық баға алу үшін newskyaward.org сайтында осы жылдың 10 қарашасына дейін өз өтінімдерін бере алады, деп хабарлайды newsroom.kz.

Ендігі кезекте кәсіби журналистерден басқа, студенттер мен блогерлер де алғаш рет «Үздік жас журналист» және «Әлеуметтік желідегі үздік блог авторы» аталымдарында бағын сынайды. «Newsky Award 2023» жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі елшіліктер мен дипломатиялық миссия басшыларының, Қазақстан дінбасылары өкілдерінің, белгілі қазақстандық және шетелдік журналистердің, сондай-ақ ықпалды блогерлер мен медиа тұлғалардың қатысуымен 2023 жылғы 30 қараша күні Алматы қаласында өтеді.Үшінші жыл қатарынан Қазақстан Журналистика Академиясы және United Charity Projects Evolution қоғамдық қорының бастамасымен Қазақстан мен шетелдік БАҚ қызметкерлері арасында үздік материалдардың байқауы өткізілмек.

Newsky Award (ньюскай эворд) ашық аспан мен сөз бостандығын бейнелейтін атауға ие. Сыйлықтың символы – «көгершін», бейбітшілік пен тазалықтың құсы. 2023 жылы бұл атау сыйлық негізіндегі идеяның нақты мағынасын айшықтау мақсатында өзгертілді (мыс. - бұрын «Nevsky Award»). Атау мен символ журналистер қауымдастығы арасында қолдауды көрсетуге және ынталандыруға бағытталған міндеттерді көрсетеді: ашықтық, ой тазалығы және бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Сыйлық жас және тәжірибелі журналистердің өз кәсіби қызметіне және қоғамға әкелетін даралығы мен жетістіктерін атап өтуге арналған.

Newsky Award сыйлығының негізгі мақсаты — талантты журналистер мен үздік материалдардың авторларын анықтау және олардың сыртқы саясат пен аймақаралық келісім, мәдени пен рухани құндылықтар, сондай-ақ қазақстандық және әлемдік қоғамдастықтың дамуына ықпал ететін қайырымдылық пен әлеуметтік қызмет мәселелерін жария етудегі сіңірген еңбегін көтермелеу.

Сыйлыққа  2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қарашаға дейін баспасөзде, теле- және радио-эфирде немесе Интернет желісінде жарияланған журналистердің авторлық жұмыстары newskyaward.org сайтында 10 қарашаға дейін қабылданады

Іс-шараны ұйымдастырушылар журналистиканың әлеуметтік процестер мен әлемдік тәртіпті қалыптастырудағы шешуші рөлін түсінеді және адал мақсаттар үшін қызметін асыратын шынайы журналистика мәртебесін көтеруге тырысады. Биыл жас журналистерге, соның ішінде студенттер мен әлеуметтік медиадағы блог авторларына арналған жаңа аталымдар енгізілді.

Сыйлық алты аталым бойынша ұсынылады:

- «Сыртқы саясат және аймақаралық диалог туралы үздік материал»

- «Конфессияаралық келісім және көпмәдениетті қатынастар туралы үздік материал»

- «Қайырымдылық, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы үздік материал»

- «Руханият туралы үздік материал». Арнайы аталым

- «Үздік жас журналист». Арнайы аталым 2023 ж.

- «Әлеуметтік желідегі үздік блог авторы». Арнайы аталым 2023 ж.

ҚР Журналистика Академиясының негізін қалаушы, әрі оның президенті Сағымбай Қозыбаевтың төрағалығымен Валерий Жандаулетов және Диана Снегина құрамына кіретін қазылар алқасының сараптамалық кеңесі жеңімпаздарды анықтайды.

Newsky Award қорытындысы бойынша әр аталым жеңімпаздары сыйлықтың символы —   Қазақстанның жетекші зергерлері бағалы металдардан әзірлеген зәйтүн бұтағын тұмсығына қыстырған көгершін сұлбасындағы естелік мүсінше және төсбелгімен марапатталады. Ал салтанатты марапаттау рәсіміне түрлі елдердің дипломаттары, белгілі медиа-тұлғалар және Қазақстан дінбасылары қатысады.

Өздеріңіз білетіндей, зәйтүн бұтағын тұмсығына қыстырған көгершін – бейбітшіліктің символы. Мұндай ерекшелік сыйлықтың жаһандық миссиясымен байланысты, ал ол гуманизм, тату көршілік пен үйлесімді өмір сүру құндылықтары, көпұлтты Қазақстанда және бүкіл әлемдегі мәдениеттер мен конфессиялардың диалогын қолдауға негізделген.

Newsky Award аясында маңызды мәселелерге назар аударылады, ал сыйлықта бағын сынаушы әрбір қатысушы – дода нәтижесіне қарамастан, адамзаттың дамуына өз үлесін қосқан нағыз жеңімпаз!

Биыл сыйлық жеңімпаздарының есімдері қараша айында жарияланады. Newsky Award туралы толығырақ ресми сайттан біле аласыз.

 

Жүктелуде...