Түркістан облысында кезекті салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды newsroom.kz.
Бұл аймақта бокстан Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов дүниеге келді. Сондай-ақ, Түркістан облысының мақтанышы Олимпиада ойындарының жүлдегері, бокстан әлем чемпионы Сәкен Бекбосынов, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Әйелдер күресі бойынша жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Нилуфар Райымова, дзюдодан Азия ойындарының чемпионы Дидар Хамза, Азиада жүлдегері Гозаль Айнитдинова (теннис), байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты жеңімпаздары Ольга Шмелева және Александр Яковлев осы өңірдің спортшылары.
Арнайы іс-шара аясында өткен 30 жыл ішінде Қазақстан Республикасында олимпиадалық қозғалыстың дамуына елеулі үлес қосқан спорт ардагерлері мен қайраткерлеріне, танымал спортшылар мен жаттықтырушыларға салтанатты құрмет көрсетілді.
Мерейтойлық медальдармен және алғыс хаттармен бокстан ҚР құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов, байдарка мен каноэде есуден ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Денис Жарменов, дзюдошы Дидар Хамза, таеквондодан Азия ойындарының жүлдегері Нұрлан Мырзабаев марапатталды.
ҚР ҰОК делегациясы мерейтойлық мереке аясында Қазақстанның барлық өңірлерінде іс-шаралар өткізуде. Салтанатты акциялар танымал спортшылардың, ардагерлер мен спорт қайраткерлерінің қатысуымен өтеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті (ҚР ҰОК) 1990 жылы 3 ақпанда құрылған. 1992 жылы ҚР ҰОК ресми тіркеліп, оны 1993 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті мойындаған.
ҚР ҰОК тәуелсіз тәуелсіз қоғамдық ұйым болып табылады. ҚР ҰОК өз қызметінде ХОК Олимпиадалық хартиясын, Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және ҚР ҰОК Жарғысын басшылыққа алады. ҚР ҰОК миссиясы Олимпиадалық қозғалысты дамыту және қорғау, олимпиадалық құндылықтарды – Қазақстан Республикасының аумағында сыйластық, достық пен кемелдікті ілгерілету болып табылады. Ұлттық Олимпиада комитетінің тағы бір мақсаты-жоғары дәрежелі қазақстандық спортшыларды Олимпиада ойындарына қатысуға дайындау арқылы Қазақстан Республикасының Жоғары жетістіктер спортын дамыту. ҚР ҰОК тұңғыш президенті Тимур Досымбетов болды. ҰОК қазіргі басшысы -Тимур Құлыбаев.