Үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін биылдың өзінде елордада 11 мектептің, соның ішінде 13 600 орындық 10 мектептің құрылысы басталды. 2023-2026 жылдар аралығында екі ауысымда оқытатын барлығы 177 мың орынға арналған 65 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда, деп хабарлайды newsroom.kz.
Еске салайық, бұған дейін оқу-ағарту министрі елордадағы бірқатар мектептерді, соның ішінде үш ауысымда оқытатын білім ошақтарын жеке өзі тексерген болатын. Ата-аналар қауымымен кездесулер өткізіп, білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тегін тамақтандыру мен балалар үшін жайлы жағдай ұйымдастыру мәселелерін талқылады.