Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 қыркүйек, 2023 / NewsRoom / Қылмыс

Жемқорлық бойынша сотталғандардың деректері қолжетімді болмақ

Қазақстанда жемқорлық үшін сотталған азаматтың деректері баршаға қолжетімді болады.

Жемқорлық бойынша сотталғандардың деректері қолжетімді болмақ
el.kz

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл шара жұмыс берушілерге үміткерді тазалық пен адалдыққа тексеруге мүмкіндік береді.

Жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалар Шығыс Қазақстан облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды. Жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту ұсынылды. Сондай-ақ парламентте пара беру уәдесі мен ұсынысын криминализациялау мәселесі қаралып жатыр, – делінген хабарламада. 

Пара беру ұсынысы деп ауызша немесе жазбаша, оның ішінде электрондық нысанда пара беру туралы анық және түсінікті сөз, ал пара беру уәдесі деп пара беру уақыты, орны, тәсілі туралы хабарламасы бар осындай сөз түсінілетін болады.