Елімізде жыл сайын кемінде екі лаңкестік әрекет тоқтатылады, деп хабарлайды
newsroom.kz.
Қазақстанда арнайы қызмет жыл сайын кем дегенде екі лаңкестік әрекеттің алдын алады, деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев.
"Осы кезеңде тікелей Қазақстанда күшейген лаңкестік қауіп тұрақты күйінде қалып отыр. Жыл сайын кемінде екі лаңкестік әрекеттің алдын алады", - деді Сейсембаев жұма күні Астанада өткен ШЫҰ Аймақтық антитеррорлық құрылымы кеңесінің отырысында.
"Тек биыл ғана дайындықтың бастапқы кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қолдан жасалған жарылғыш затты жару әрекетінің, сондай-ақ Астанадағы адамдар көп жиналатын жерлерде қарулы шабуылдың жолы кесілді", - деді ҰҚК төрағасының орынбасары.