Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 қыркүйек, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Нан өндірісі сәл азайды

Нан өндірісі сәл азайды

Нан өндірісі сәл азайды
ашық дереккөзі
Ал бір жылда шамамен 9% қымбаттады, деп хабарлайды newsroom.kz.   Биыл қаңтар–шілдеде ҚР-да 296,4 мың тонна нан өндірілді, бұл былтырғыдан 0,7% аз. Өндірістің ең көп көлемі Түркістан облысына тиесілі: 71,1 мың тонна, бір жылда 0,6% азайған. Бұл елдегі жалпы өнімнің 24%-ы. Екінші және үшінші орында Алматы (31,4 мың тонна, 1,3% азайған) және Ақтөбе облысы (27,6 мың тонна, 5,5% азайған). Ең аз Ұлытау облысында: 2,7 мың тонна, 2,5% азайған. Жалпы, 2022 жылы елімізде 521,2 мың тонна нан өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 0,8% артық.     Өндірілген өнімнің ең көп көлемі бидай нанына тиесілі: 222,7 мың тонна — бір жыл бұрынғыдан 1,3% аз. Нан өнімдері 18,6 мың тонна (бір жылда 4,6% көбейген), қара бидай наны — 12,3 мың тонна (5,1% азайған), қара бидай мен бидай ұнынан пісірілген нан — 8,1 мың тонна (3,1% көбейген), диеталық нан — 376 тонна (23,7% азайған). Сектордағы тұтынуға келетін болсақ, биыл бірінші тоқсанда ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының үй шаруашылығына жасаған зерттеуіне сәйкес, бір адамға 876 грамм қара бидай және қара бидай мен бидай ұнынан пісірілген наннан келді, бұл былтырғыдан 13,3% артық. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының тұтынылуы бір тоқсанда 7,1 кило, бір жылда 7,8% азайған. Қара бидай мен бидай ұны наны қалалық жерлерде көбірек тұтынылды: жан басына шаққанда 918 грамм, ауылда 808 грамм. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны, керісінше, ауылдық жерлерде көбірек сұранысқа ие болды: бір тоқсанда жан басына 7,2 кило, қалада 7 кило.     Биыл шілде айының қорытындысы бойынша, нан бір жылда 8,6% қымбаттаған. Оның ішінде қара бидай мен бидай ұны наны бір жылда 12,7%, жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны — 12,4%, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны — 5,8% қымбаттады. Өңірлер бойынша бағаның ең көп жылдық өсімі Ұлытау облысында тіркелді: 20%. Одан кейін Маңғыстау облысы (17,6%) және Алматы (плюс 16,3%). Ең аз жылдық баға өсімі Батыс Қазақстан облысында байқалды: 2%. Бұл ретте, zakon.kz мәліметінше, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев құрғақшылыққа және астық төмен болуы мүмкін болғанына қарамастан, ұн, нан және нан өнімдері бағасының өсуіне алғышарт жоқ, алдағы уақытта жағдай тұрақты деп сендірді.