Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 қыркүйек, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: көмір тапшылығы орын алып, баға өсуі мүмкін

Түркістан: көмір тапшылығы орын алып, баға өсуі мүмкін

Түркістан: көмір тапшылығы орын алып, баға өсуі мүмкін
ашық дереккөзі
Түркістан облысында жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Дегенмен, тұрғындар мен жылыжай шаруашылықтары көмір сатып алуға асығар емес. Күннің күрт сууы мен ауа райының бұзылуын күтпестен, осы кезден бастап қысқа қамдана беру керек. Өйткені, қыс түскенде, көмір алуға кезек көбейіп, алып-сатар делдалдар бағаны көтеруі мүмкін. Сондықтан мамандар көмір отынын ертерек сатып алып, уақтылы қамдану қажеттігін айтады, деп хабарлайды newsroom.kz. Өңірлік операторлардың ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда сақтау қоймаларында 140 мыңға жуық тонна көмір қоры бар. Көмір қоры күннен-күнге толығуда. Қазіргі таңда Арыс қаласында екі қоймада 19 800 тонна көмір бар болса, Сайрам ауданында орналасқан 1 қоймада – 7 900 тонна, Сарыағаш ауданында 4 қоймада – 49 317 тонна көмір бар. Айта кету керек, Сарыағаш ауданындағы қоймадан Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Келес аудандарының тұрғындары көмір ала алады. Төлеби ауданында 1 қойма орналасқан, көмір қоры қазіргі таңда 12 500 тоннаны құрап отыр. Созақ ауданында екі қоймада 9 200 тонна көмір бар. Ал Отырар ауданында орналасқан екі қоймаға 26 800 тонна көмір түскен. Ордабасы ауданында 483 тонна, Түркістан қаласында 14 000 тонна көмір қоры бар. «Қазақстан Темір Жолы - Жүк тасымалы» Акционерлік қоғамының мәліметі бойынша, биыл облысқа 236 мыңға жуық тонна көмір жеткізілген. Көмір вагондары тұрақты келуде. Коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалдаумен облыста 16 өңірлік оператор айналысады. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі