Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 қыркүйек, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Су мәселесі көршілес елдермен тек дипломатиялық жолмен шешіледі – сарапшы

Су мәселесі көршілес елдермен тек дипломатиялық жолмен шешіледі – сарапшы

Су мәселесі көршілес елдермен тек дипломатиялық жолмен шешіледі – сарапшы
ашық дереккөзі
Азаматхан Әміртай су дипломатиясы бойынша жұмысты күшейту керек деп есептейді. Күні кеше елімізде су ресурстары саласындағы қордаланған мәселелерді шешумен дербес министрлік айналысатыны белгілі болды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылды. Жаңадан құрылатын ведомствоның алдында тұрған негізгі міндеттер қандай болуы тиіс? Осыған байланысты "Байтақ" жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртайдың пікірін білдік, деп newsroom.kz жазады inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бұл министрлік міндетті түрде керек. Себебі су дипломатиясы деген бар. Су мәселесі көршілес елдермен тек қана дипломатиялық жолмен шешіледі. Қазақстанда судың негізгі көлемі көрші елдерден келеді. Сондықтан бұл мәселе геосаясатты, дипломатияны қажет етеді", – деді эколог.
Сарапшыдан жаңадан құрылатын министрліктің алдында тұрған басым міндеттер қандай болуы тиіс екенін сұрадық.
"Бірінші – елдегі су ресурстарының толық есебін жүргізу. Барлық ғылыми зерттеулерді алып, анализ жасау керек. Екінші бағыт – су дипломатиясын күшейту. Былайша айтқанда, халықаралық қарым-қатынас, көршілес елдермен су дипломатиясына байланысты одақты құру керек. Үшіншіден, ауылды жерлерге ауыз судың келуі толық түрде зерттелуі тиіс", – деді ол.
 />

Экологтың айтуынша, бүгінгі таңда республикамызда су мамандары, гидротехниктер жетіспейді.

Жолдауда елімізде суды үнемдейтін технология өте баяу енгізіліп жатқаны да көтерілген болатын. Азаматхан Әміртай пайдаланған суды тазартып, оны қайта кәдеге жарату бойынша технологиялар енгізілу тиіс екенін жеткізді.
<blockquote> Сарапшының сөзінше, қазірдің өзінде елімізде су тапшылығы байқалып отыр.
"Мәселен, осыған дейін Маңғыстауда болған жағдай, қазір Жамбыл облысындағы жағдай – мұның бәрі суды басқару саясаты су ресурстары комитеті және экология министрлігімен дұрыс жүрмегендігінің әсері", – деді сарапшы.