«JOLTAP» жобасы Мемлекет басшысының өнімді жұмыс орындарын құруға баса назар аудара отырып, белсенді әлеуметтік саясаттың қажеттілігі туралы тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Айта кету керек, жоба құралдары тұтастай алғанда қазіргі әлеуметтік реформаларға тиімді қосымша болып саналады. «JOLTAP» жобасы аясында елордада барлығы 10 модульдік пункт жұмыс істейтін болады. Алғашқы бес модульдік пункт мына мекенжайларда жұмысын бастады: Республика даңғылы, 34 «Жастар» сарайы; «Ailand» СОО, Қорғалжын тас жолы, 2; «Встреча» СҮ Абылай хан даңғылы, 31; «Азия Парк» СОО Қабанбай батыр даңғылы, 21; «Тұлпар» СО Ш. Уәлиханов көшесі, 24. Модульдік пунктер күн сайын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Бұл бастама елорда әкімдігі мен бірқатар мүдделі мемлекеттік органдардың қолдауымен іске асырылды, жобаның бірлескен операторы – «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қоры. Барлық модульдік пункттерді «Халық» қоры ұсынады. Жобаға қоғамдық тамақтану, сауда, құрылыс, көлік және қызмет көрсету салаларындағы ірі бизнес өкілдері мен сала көшбасшылары жұмылдырылды. Олардың ішінде BI Group, Magnum, Marwin, Shaurma Food және т.б. бар.